BlogCamp — дүние жүзіне кең таралған жаңа медиа өкілдерінің жиыны.

Өзіміздің тілге өңгерсек — «Блогшылар құрылтайы».

BlogCamp қандай да бір коммерциялық пайда табуды көздемейді, саяси кампания емес. Бұл интернеттегі прогресшіл энтузиасттардың пікір алмасу аренасы.

Бұл іс-шараға негізінен IТ мамандары, блогшылар, жаңа медиа технологияларымен айналысатын мамандар, журналистер, студенттер, зерттеушілер қатысады. Олар өздерінің жобаларымен бөліседі, жасаған бағдарламаларын ұсынады, серіктестер табады, кейде ұсынылған жобалар бизнес жобаларға ұласады, жаңа медиа өкілдері өзара танысады, достасады т.б.

Блогкемптің өзіне тән кішігірім талаптары бар:

1. Алдымен, қызығушылық танытқандардың бәрі өткізілгелі отырған блогкемптің арнайы сайтына тіркеледі.

2. Сол жерде пікірталас жүргізіп, алдағы блогкемптің күн тәртібі жасақталады.

3. Қатысуға ниет танытатындардың тізімі құралады.

4. Блогкемп барысында өзекті/қызықты тематикаларды қамтитын презентациялар жасалады.